Өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестиция көлемі 34,3 пайызға өсті

Биыл өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестиция көлемі 34,3 пайызға өсті.

Ақтөбе және Қызылорда облыстарында жаңа арнайы экономикалық аймақ іске қосылды. Аймақта 532 жоба жүзеге асырылды. Оның 85-і шетелдік компаниялардың қатысуымен өтті. Бүгінде тағы 450-ге жуық жоба қолға алынды. Тікелей шетелдік инвестиция көлемі шамамен 925,3 млрд теңгеге жетті. Биыл жарты жыл ішінде 1 трлн теңгегеден астам мыңнан артық шарт жасалды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7 есе артық. Бұдан бөлек елде 190 индустриялық жоба іске қосылды. Металлургия, машина жасау, мұнай-газ химиясы және тамақ өнеркәсібі салаларында 22 мыңнан артық жаңа жұмыс орны ашылды.