Транзиттік тасымал 25,81 млн тоннаға жетті

Биылғы жылдың сегіз айында Қазақстан аумағы арқылы транзиттік тасымалдар көлемі 26 млн тоннаға жуықтады.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,2 пайызға артық. Елде Мемлекет басшысының тапсырмасымен логистика жүйесін дамытуға, өңірлердегі көлік байланысын жақсартуға және орнықты экономикалық өсім үшін жағдай жасауға бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатыр. Транзиттік әлеуетті нығайту мен халықаралық көлік дәліздерін дамыту, салада тұрақты өсім көрсетіп отыр.