Еуроодақпен алыс-беріс $33 млрд асты

Ал биылғы 9 айда Қазақстан мен Еуропалық Одақ елдері арасындағы тауар айналымы 33 млрд доллардан асты.

Бірінші жартыжылдықта аймақтан біздің экономикаға 4,2 млрд доллар тікелей инвестиция тартылды. Қазақстан еуропалық әріптестерімен өзара іс-қимылды тереңдетуге мүдделі. Бұл жайында Премьер-министр «Қазақстан-Еуроодақ» диалогтік платформасының 18-ші отырысында айтты. Алқалы жиынға Еуроодақтың бизнес, дипмиссия өкілдері, сауда-өнеркәсіп палаталарының басшылары қатысып, іскерлік ахуалды одан әрі жақсарту мәселелерін талқылады. Олжас Бектенов еуропалық кәсіпкерлерді бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырды. Жаңа Салық кодексінде инвесторлар үшін жеңілдіктер, кедендік баждан босату қарастырылғаны аталып өтті. Үкімет инвесторлардың мүдделерін қорғауға, бизнеске қолдау көрсетуге кепілдік беретін құқықтық базаны нығайтып келеді. Еуроодақ елшісі Алешка Симкич, Қазақстан еуропалық инвесторлар үшін Орталық Азиядағы негізгі бағыт екенін жеткізді.