Qyzyljar арнайы экономикалық аймағын дамытуға 9,6 млрд теңге бөлінді

Солтүстік Қазақстан облысындағы Qyzyljar арнайы экономикалық аймағын дамытуға 9,6 млрд теңге бөлінді.

Қаржыландыру қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылды. Бастама Мемлекет басшысының өңірлердің экономикалық әлеуетін нығайту және ірі инфрақұрылымдық жобалар құру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде қолға алынды. Qyzyljar арнайы экономикалық аймағында 20-дан астам қатысушы тіркеліп, бүгінге дейін 317 млрд теңге инвестиция құйған. Қазіргі таңда құны 28,4 млрд теңге болатын 5 жоба іске қосылды. Бұл кәсіпорындарда 700-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылды.

Қанат Шамсутдинов, СҚО Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары:

- Инженерлік желілер құрылысына Арнаулы мемлекеттік қордан  9,6 млрд теңге бөлінді. Қазір су және кәріз желілері салынып бітті. Темір жол және жылу желілері мен авто жол, дренаж жүйесінің құрылысы жүріп жатыр. Байланыс  желілерін тарту және аумақты абаттандыру жұмыстары да қолға алынған.