Күзгі астық экпорты артты

Елде астықтың 4 млн тоннаға жуығы экспортталды. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда жарты млн тоннаға көп. 

Өнімнің басым бөлігі Өзбекстанға жөнелтілді. Бұл бағытқа экспорт көлемі 1 млн 774 мың тоннаға жеткен. Қырғызстанға да екі есе өсті. Мұнда 122 мың тонна астық жеткіздік. Ал Ауғанстанға 260 мың тонна дәнді-дақыл экспортталды. Бұл былтырғыдан 36 пайызға көп.