Қазақстан тұрақты экономикалық өсім бойынша халықаралық конференция өткізуді ұсынды
Қазақстан Дүниежүзілік банкке тұрақты экономикалық өсу жөніндегі конференция өткізуді ұсынды.
Бұл бастаманы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Вашингтонда Дүниежүзілік банк штаб-пәтеріндегі дөңгелек үстелде көтерді. Ол Қазақстан тұрақты әрі сапалы экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін жүйелі реформаларды жүзеге асырып келе жатқанын атап өтті.
Айта кеткен жөн, былтыр елдің жалпы ішкі өнімі 6,5 пайызға артып, инвестиция көлемі 43,6 миллиард долларға жетті. Ал биылғы алғашқы тоқсанында өңдеу өнеркәсібі, көлік және құрылыс салаларының есебінен өсім 3 пайызды құрады. Сондай-ақ елдің халықаралық рейтингтегі орны жақсарды. Экономикалық күрделілік индексінде 87-ші орыннан 55-ші орынға көтерілді. Инвестицияның өсуін жеделдету үшін оның жалпы ішкі өнімдегі үлесін 2029 жылға қарай 23%-ға арттыру жоспарлануда. Бұл қосымша шамамен 120 млрд АҚШ долларын тартуға және бес жыл ішінде жалпы инвестиция көлемін 400 млрд долларға жеткізуге мүмкіндік береді.