«Самұрық-Қазынаның» І тоқсандағы кірісі 8% артты
Елде мұнай химиясы бағытында Қытайдың Sinopec Guangzhou Engineering компаниясымен бірге бірқатар жоба іске асырылады.
Бұл туралы бүгін «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысында айтылды. Үкімет басшысы Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен жиында ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселесі қаралды. Сондай-ақ тағы ауқымды 17 жобаға қаржы құйылмақ. Ал Жамбыл және Павлодар облыстарында екі ірі жел электр стансасының құрылысы басталған. Әрқайсысының қуаты 1 ГВт–ты құрамақ. Қос жоба «жасыл» энергетиканы дамытып, БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді көздейді. Жиында «Самұрық-Қазынаның» 2026 жылғы 1 тоқсандағы өндірістік және қаржылық көрсеткіштері де баяндалды. Мәлім болғандай, есептік кезеңде кіріс 8%-ға, таза пайда 93%-ға ұлғайған.