Шымкент мұнай өңдеу зауыты жұмысын қайта бастады
Шымкент мұнай өңдеу зауытында биыл 27 наурызда басталған жоспарлы алдын алу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды «24KZ».
Кәсіпорын жоспарлы алдын алу жұмыстарын ҚР Энергетика министрлігі бекіткен кестеде көзделген мерзімнен үш күн бұрын аяқтады. Мұнайды бастапқы өңдеу өндірісі 22 сәуірде, ал терең өңдеу өндірісі 2 мамырда жұмыс режиміне көшті.
Кәсіпорын ЖАЖ кезінде алдын ала жасақталған қор есебінен жанар-жағармай нарығының тұрақтылығын сақтай отырып, мұнай өнімдерін тұрақты жеткізуді қамтамасыз етті.
Келесі ауқымды жұмыстар 2030 жылы жүргізіледі. 2028 жылы жекелеген қондырғылардың қысқа мерзімді ағымдағы жөндеуі көзделген.