Халықтың 250 млрд теңге қарызы кешіріледі

Азаматтардың арызы өтіп, қарызы кешірілетін болды.

Бұл төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы заң аясында мүмкіндік беріп отыр. Сонымен жиыны 250 млрд теңге берешек есептен шығарылады. Мемлекеттік кірістер органдары 66 мыңға жуық адамды банкрот деп танып, 134 млрд теңгеден аса қарызын кешірген. Сондай-ақ сот тәртібімен 632 азамат 115 млрд теңгені өтеуден құтылды. Елімізде «проактивті банкроттық» тетігі енгізіліп жатыр. Яғни мемлекет ондай борышкерлерді анықтап, қарызды есептен шығару үшін рәсімдеу туралы ұсыныспен SMS хабарлама жібереді. Ал банкроттық рәсімі 6 айға дейін созылады. Соттан тыс және сот арқылы орындалады.

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ: 65  765 АДАМ БАНКРОТ – 134,8 МЛРД ТГ

СОТ АРҚЫЛЫ: 632 АДАМ БАНКРОТ – 115 МЛРД ТГ

ПРОАКТИВТІ БАНКРОТТЫҚ: БОРЫШКЕРДІ АНЫҚТАП, SMS ХАБАРЛАМА ЖІБЕРЕДІ

БАНКРОТТЫҚ РӘСІМ 6 АЙ

СОТТАН ТЫС ЖӘНЕ СОТ АРҚЫЛЫ