ЕАЭО: Қазақстанның экспорты $10 млрд жетті

Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа экспорты кейінгі 10 жылда екі есе артып, 10 млрд долларға жетті.

Экспорттың шамамен 89 пайызы Ресей Федерациясына тиесілі. Қазақстан одаққа мүше елдерге шикізатпен қатар дайын өнімдерді де экспорттайды. Металдар мен металл бұйымдары, химия өнеркәсібі, азық-түлік және ауыл шаруашылығы, машина жасау өнімдері бар. Қазір еліміз одақ аумағында транзиттік-логистикалық хаб қызметін атқарып отыр. Отандық бизнес үшін 160 млн астам адам тұратын ортақ нарыққа кедергі жоқ. Көптеген шетелдік және жергілікті компаниялар Қазақстанды одақ елдеріне экспорт үшін өндіріс алаңы ретінде пайдаланады.

Азамат Байғалиев, саясаттанушы:

- Бүгінде барлық тарап Қазақстан мен Ресейдің Еуразиялық экономикалық одақтағы ролін аса маңызды деп мойындай бастады. Өйткені екі бастамашыл ел осы бірлестіктің діңгегі саналады. Алғашқы келіссөздерден-ақ елдердің өзара ынтымақтастығы нығайып жатқаны байқалды. Екі жақты тауар айналымына кететін уақыт қысқарды. Цифрлық салада да тәжірибе алмасулар бар. Осы тұста одақтас елдер цифрлық бағытты ұстанса, бұл ұйымның келешегі кемел болмақ.