Базалық мөлшерлеме түскен уақытта доллар қымбаттай бастады

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені төмендеткен күні доллар теңгеге шаққанда  айтарлықтай қымбаттады, деп хабарлайды «24KZ». 

Яғни, 5 маусымда базалық мөлшерлеме 17%-ға төмендетілді.

Осы күні доллар:
KASE биржасында 484,70 теңгеден түскі сағат 13:00 488,60 теңгеге дейін өсті.
Айырбастау пункттерінде де шамамен 490 теңгеге дейін  сатылып жатыр. 

Кеше,  4 маусымда Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ валютасы 484,70 теңгемен жабылған болатын. Енді бүгін доллардың шамамен 4 теңгеге қымбаттағанын көріп отырмыз.

Сәуір айының соңында  доллар 459 теңге болған.
Яғни 1 айда шамамен 30 теңгеге қымбаттаған.