Елде 2,2 млн шағын және орта бизнес нысаны бар
Соңғы төрт жылда елдегі шағын және орта кәсіпкерлер саны 400 мыңға өсіп, 2 млн 200 мыңға жетті.
Бүгінде осы секторда 4,5 млн адам жұмыс істейді. Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмриннің айтуынша, халық табысын арттыру бағдарламасы іске қосылғалы бері әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер біршама өскен. Бүгінде шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 41 пайызға жетіп қалды. Ал жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызға төмендеді. Жұмысқа орналасқан азаматтардың саны 913 мыңға дейін өскен.