ЕҚДБ Қазақстанға €1,3 млрд инвестиция салады
Биыл Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстан экономикасына 1 млрд 300 млн еуродан астам қаржы құймақ.
Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов пен Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассоның кездесуінде айтылды. Тараптар құрылыс, көлік, өнеркәсіп және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, цифрландыру, жасанды интеллект пен қаржы салаларындағы ынтымақтастықты талқылады. Бүгінге дейін банк құны 800 миллион еуродан асатын жобаларды қаржыландырған. Банктің инвестициялық портфелінде құны 12 млрд 700 млн доллар болатын 354 жоба бар. Сонымен қатар Үкімет басшысы ExxonMobil компаниясының аға вице-президенті Питер Ларденмен және Marubeni Corporation басқарушы атқарушы директоры Сатору Ичинокавамен кездесті. Келіссөздер барысында мұнай-газ, энергетика, өнеркәсіп және жаңа жобаларды іске асыру қаралды.