Қазақстанның мұнайын тасымалдайтын «Chevron» танкеріне шабуыл жасалды
Қазақстан мұнайын Каспий құбыр консорциумы терминалынан (КТК) тасымалдауға пайдаланылатын америкалық «Chevron» компаниясы жалдаған мұнай танкері Қара теңізде дрондардың шабуылына ұшырады, деп хабарлайды «24KZ».
Reuters агенттігінің мәліметінше, Yasa Polaris танкеріне КТК-ға жақындап келе жатқан кезде ұшқышсыз ұшу аппараттары шабуыл жасаған.
«Chevron» компаниясы аталған агенттіктің сауалына берген жауабында бұл жағдай операциялық қызмет мен экспорттық жеткізілімдерге әсер етпегенін айтқан.
«Экипаж мүшелері қауіпсіз жерде, кеменің жүзу тұрақтылығы сақталған. Танкер қауіпсіз портқа бет алды. Біз кеме операторы және құзырлы органдармен тығыз байланыста жұмыс істеп жатырмыз», делінген хабарламада.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз