Қазақстан аймақтағы ең ірі қаржы орталығы атанды
Қаржы секторында да Қазақстан өңірдегі көшбасшы мәртебесін сақтап отыр.
Биыл елдегі банк активтері 140 миллиард долларға жеткен. Бұл көрсеткіш Өзбекстаннан 80 пайызға, Тәжікстаннан 24 есе артық. Сарапшылар мұны экономиканы ұзақ мерзімді қаржыландырудың маңызды факторы ретінде бағалайды. Депозиттік база да қазір – 96,4 миллиард доллар төңірегінде. Үлкен депозиттік база - банктердің тұрақты қаржы көзі, бизнеске несие беру мүмкіндігінің кеңеюі. Қарапайым тілмен айтқанда, экономикаға қаржы ағыны үзілмейді деген сөз. Осының арқасында Қазақстан бүгінде аймақта жетекші қаржы орталығына айналған.
БАНК СЕКТОРЫ
АКТИВТЕР – $140 МЛРД
ДЕПОЗИТ БАЗАСЫ – $96,4 МЛРД
ӨЗБЕКСТАННАН 80% АРТЫҚ