Автокөлік сатып алу тиімді болады

Елде енді көлік алу айтырлықтай жеңілдеуі мүмкін.

Автолизинг пен несиеге өзгеріс енгізіледі. Борыштық  жүктеме коэффициентін алып тастау және жеке тұлғаларға арналған автолизингті дамыту көзделіп отыр. Ендігі жерде электр және гибридті көліктер өндірісіне де басымдық берілмек. Салаға серпін беретін бастамалар барысы бүгін үкіметтің кезекті жиынында айтылды. Тағы қандай, қандай маңызды ақпарат бар.

Автонесиеге қатысты ақпарат көлікті болғысы келетіндердің үміт отын қайта маздатқандай. Берешек алу кезіндегі борыштық жүктеме коэффициентін алып тастау жоспарланып отыр. Министрлік электрлік және гибридті көлікке ерекше көңіл бөлуді қарастыруда. Көлікті қуаттау станцияларының желісін дамыту және ұшқышсыз автомобильдерді пайдалану үшін жағдай жасалмақ.

Ерсайын Нағаспаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі:

- Қазіргі уақытта ең ірі өнеркәсіптік кластерлер Қостанай, Саран және Алматы қалаларында жұмыс істейді. Аталған кластерлер аясында автокөлік өндірумен қатар, олар үшін қажетті компоненттер өндірісін дамыту, жаңа жеткізушілерді тартып, өндірістік тізбектерді қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде. Жүк техникасы өндірісі саласында бүгінде елімізде Scania және HOWO сияқты әлемдік брендтердің жүк көліктері шығарылады. 

Жасыратыны жоқ, күні кеше  сырттан келген көліктерге қызығатын едік. Бүгінде өзімізде құрастырылған автокөліктердің саны артып келеді. Қазақстанның машина жасау саласы жаңа қарқын алды. Демек, отандық автокөліктің  үлесі де көбейетін күн алыс емес. Сандарды сөйлетсек, соңғы 5 жылда салаға 457 миллиард теңгеге сырттан қаржы тартылыпты. Өткен жылы 171 мыңнан астам темір тұлпар шығарылып, өндіріс көлемі 18%-ға артты.  Бұл оң динамика биыл да сақталады деді сала министрі. Салада сапалы кадр даярлау ісіне жеті көңіл бөлінбек. Ресми дерекке сүйенсек, алдағы үш жылда Қазақстанның автокөлік өнеркәсібіне 10 мыңнан астам инженер мен жұмысшы маман қажет болады.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

- Кадр даярлау еліміздің 19 ЖОО 34 білім беру бағдарламасы бойынша жасалады.

Енді ел аумағына рұқсатсыз келген көліктерге қатаң талап қойылады. Қазақстанға автокөліктерді заңсыз әкелудің алдын алу бойынша шаралар кешені әзірленбек. Мұны үкімет басшысы қаржы және өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне жедел атқаруды тапсырды. Кедендік әкімшілендіру мен техникалық реттеу саласындағы тиісті тәсілдер 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі 

Биылғы жоспар: өндіріс көлемін 11%-ға арттырып,190 мың көлік шығару.Қазірде елімізде жеңіл автомобильдер, автобустар, жүк және арнайы техника шығаратын 11 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өндірістерде жасанды интеллект пен цифрлықтехнологияларды енгізу жұмыстары қолға алынған. Мәселен, қауіпсіздікті жедел басқаруға арналған жасанды интеллектке негізделген ахуалдық орталық іске қосылды. Салада әлі де болса, атқарылар ауқымды іс көп.