Астанада жеңіл өнеркәсіпті дамыту мәселелері талқыланды
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте, жеңіл өнеркәсіпті дамытудың кешенді жоспары таныстырылды.
Құжат саланы дамытуға бағытталған 28 іс-шараны қамтиды. Оның ішінде заңнаманы жетілдіру, «көлеңкелі» импортпен күрес, инвестиция тарту, отандық брендтерді қолдау және кадр даярлау мәселелері бар. Сонымен қатар өндірушілерді шикізатпен қамтамасыз ету, өткізу нарығын кеңейту және мемлекеттік сатып алуда тең бәсекелестік қалыптастыру көзделген. Ұзақ мерзімде өндірістегі отандық өнім үлесін арттырып, шикізат пен дайын өнімнің қозғалысын толық бақылауға мүмкіндік беретін цифрлық қадағалау жүйесін енгізу жоспарланып отыр.
Мұхамед Андақов, ҚР ӨҚМ Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары:
- 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын талқыладық. Ол 28 пунктан қабылданған. Оның әрбір шарасы іске асырылуы керек. Бұл шаралар бойынша салық жеңілдіктері қабылданған және бұл шараның басты мақсаты іштегі жұмысшы орнын көбейту. Кәсіпкер өзіне міндеттеме алады. Жаңа жұмыс орнын ашу, локализациясын көбейту және шығарылған шикізатты қайта өңдеу.