Қазақстанда азық-түлік бағасы арзандады

Фото: depositphotos.com

Қазақстанда бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар бірнеше азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді, деп хабарлайды 24KZ.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ең көп арзандағаны – картоп. Оның бағасы 4,2%-ға төмендеген. Қырыққабат 1,2%-ға, алма 1,1%-ға арзандады. Пияз бен сәбіздің бағасы 1%-ға төмендеген.

Сондай-ақ ірімшік, сүзбе, тұз, ұн және қаймақ бағасы да аздап арзандаған.

Ал нан, макарон өнімдері, ет, сүт, жұмыртқа және сары май бағасы өзгермеген.

Азық-түлік бағасы ең көп Талдықорғанда төмендеген – 0,7%-ға. Ақтау мен Жезқазғанда баға 0,4%-ға арзандады.

Қазір Қазақстанда картоптың орташа бағасы келісі 259 теңгені құрайды. Ең арзан картоп Павлодарда сатылып жатыр – келісі 191 теңге.

Ал алманың орташа бағасы келісі 797 теңге. Ең төмен баға Шымкентте тіркелген – 639 теңге.