Қазақстан мұнай өңдеу қуатын арттыруға ниетті
Қазақстан мұнай өңдеу қуатын 40 млн тоннаға дейін арттыруға ниетті.
Былтыр қара алтынды өңдеу көлемі 18 млн тоннадан асты. Ал мұнай өнімдерін өндіру 15,47 млн тоннаға жетті. Үкімет 2025-2040 жылдарға арналған мұнай өңдеу саласын дамыту тұжырымдамасын бекітті. Құжатқа сәйкес, жұмыс істеп тұрған зауыттардың қуаты жылына 18 млн-нан 29 млн тоннаға дейін ұлғайтылады. Бұдан бөлек қуаты 10 млн тонна болатын жаңа мұнай өңдеу зауытын салу көзделген.