Елдегі базалық мөлшерлеме 16,25%-ға дейін төмендетілді
Бұған дейін ол 16,75% болған еді. Ұлттық банк макроэкономикалық көрсеткіштер мен инфляция деңгейін бағалай отырып осындай шешім шығарды. Соңғы мәлімет бойынша жылдық инфляция 9,8%-ға дейін баяулаған. Яғни тауарлар мен қызметтердің қымбаттау қарқыны бәсеңдеп келеді.
Азық-түлік бағасының өсуі 9,5 пайызға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 11,4 пайызға дейін баяулаған. Ал қызмет көрсету саласындағы инфляция 8,9 пайыз. Сондай-ақ тамыз айында айлық инфляция 0,6, ал базалық инфляция 0,7 пайыз деңгейінде сақталыпты. Базалық мөлшерлемеге қатысты келесі шешімді Ұлттық банк 23-қазанда жариялайды.