Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100%-ын инвестициялай алады

Бұл Әлеуметтік Кодекстің 37-1-бабында бекітілген. Жаңа тәртіпке сай салымшы зейнетақы шотындағы қаражаттың бәрін инвестициялық портфельді басқарушыларға сенімгерлікке тапсыруға құқылы. Жинақ көлемі мен мақсатын өздері таңдайды. 

Сондай-ақ бір немесе бірнеше инвестициялық портфельді таңдау мүмкіндігі қарастырылған. Өз кезегінде қаражатты басқарушы компания үш инвестициялық портфель қалыптастыра алады: консервативті, қалыпты және тәуекелді. Олар тәуекел деңгейі, кіріс көлемі және инвестициялау мерзімдері бойынша ерекшеленеді. Бұл өзгерістер міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналарына қатысты.

Сондай-ақ оқыңыз: