Әуе хабын дамытуға күш салынады

Экспорт артты. Логистика күшейді. Жүк те, жолаушы да ағылып жатыр. Күрежол мен теміржолдан бөлек енді әуе тасымалы дамып келеді. Кейінгі үш жылда Алматы, Қызылорда және Шымкент әуежайларында жаңа терминалдар іске қосылды.

Соның арқасында бұларда жолаушы саны жылына 3,5 млн-нан 23 млн-ға дейін өсті. Жүк көлемі 10 пайызға артты. Яғни биылғы қаңтар-шілде аралығында ел әуежайлары арқылы 102,5 мың тонна жүк өтті. Оның 64 пайызы Алматыға тиесілі. Қазір қалада жүк хабын дамыту қолға алынып, ауданы 500 гектар болатын логистикалық кластер құру жұмысы жүріп жатыр. Бұдан бөлек Ақтөбе, Қарағанды және Ақтауда жүк инфрақұрылымын дамыту басталды. Сондай-ақ кейінгі үш жылда ел арқылы өтетін транзиттік рейстер саны төрт есе ұлғайды. Бүгінде 30 мемлекетке әуе арқылы қатынаймыз.

Сондай-ақ оқыңыз: