Өңірлерде жаңа нысандар іске қосылды
Елде әлеуметтік, медициналық және көлік инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр. Қарағанды облысының Осакаров ауданында 1 мың 200 бас сауын сиырға арналған сүт фермасының бірінші кезеңі іске қосылды.
Ақтөбе облысының Бадамша ауылында төрт қабатты диагностикалық орталық жұмысын бастады. Таразда екі жылжымалы медициналық кешен қолданысқа берілді.
Сондай-ақ «Сарыағаш» теміржол вокзалы жаңғыртылды. Ал Жетісу облысында «Талдықорған-Үштөбе» күрежолының 42 шақырымдық бөлігі жөнделді. Абай облысының Бесқарағай ауданында жаңа өрт сөндіру стансасы салынды.
Бұдан бөлек, Шығыс Қазақстан облысының Құлынжон ауылында мектеп-интернат пен спорт кешені пайдалануға берілді.