Қазақстан экономикасы тоғыз айда 4,2%-ға өсті
Қазақстан экономикасының өсімі биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша 4,2%-ды құрады. Экономикалық өсімге негізінен шикізаттық емес сектор үлес қосты. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды «24KZ».
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, шикізаттық емес сектордың өсімі 5,4%-ға жеткен.
«Қазақстан экономикасы өсуін жалғастыруда және оң динамиканы көрсетуде. Осы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 4,2%-ды құрады. Экономиканың өсуі шикізатқа қатысты емес сектор есебінен қамтамасыз етілді, ол бағалау бойынша 5,4%-ға өсті. Салалар арасында құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, көлік қызметтері және сауда ең жоғары қарқын көрсетуде. Осы салалардың жалпы ішкі өнімнің өсуіне қосқан жиынтық үлесі 75%-дан асады», — деп атап өтті вице-премьер.
Серік Жұманғарин экономиканы кезең-кезеңімен әртараптандыру нәтижесінде 2025 жылдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнім құрылымындағы мұнай өндірудің үлесі 7,8%-ға дейін қысқарғанын атап өтті.
Биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінің ЖІӨ-дегі үлесі 14,1%-ға дейін ұлғайды. Ал тау-кен өндіру өнеркәсібінің үлесі 12,4%-ды құрады.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз