Агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 7 млрд долларға жетті

ЖИ

Қазақстанда агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің экспорты артып, рекордтық көрсеткішке жетті, деп хабарлайды «24KZ». Бұл туралы Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің басқарма басшысы Саят Қамзин мәлімдеді. 

Өткен жылы аграрлық экспорт көлемі 37 пайызға өсіп, 7 миллиард АҚШ долларына жетті. Оның негізгі бөлігін астық, ұн, күнбағыс майы және зығыр өнімдері құрайды. Бұл ретте экспорттың 52 пайызға жуығы өңделген өнімдер үлесіне тиесілі. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, биыл 8 айдың өзінде, қаңтар-мамыр айларында аграрлық экспорт 5,6 млрдқа жетсе, соның 3 млрдқа жуығы өңделген өнімдер.

Саят Қамзин Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің басқарма басшысы:

2025-2026 жылдардағы астық экспорты 16 млн тоннаға жетті. Бұл соңғы 20 жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш. Марокко, Алжир, БАӘ, Вьетнам – бұл жаңа нарықтар. Бұл мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде мүмкін болды. Астықты сыртқы нарыққа, алыс елдерге экспорттауда транспорттық шығындарды субсидиялау бойынша мемлекеттік қолдау бар. Соның нәтижесінде Қазақстан астығы Солтүстік Африка елдері мен Еуропа нарығына жеткізілуде.

Сондай-ақ оқыңыз: