Елге 5 жылда $100 млрд астам инвестиция тартылды

Қазақстан шетелдік инвестиция тартуда өндірісті дамыту мен жаңа технологияларға басымдық беріп отыр, деп хабарлайды 24KZ.

Бұл мәселе Шымкентте өткен IX Қазақстандық жаһандық инвестициялар жөніндегі дөңгелек үстелде талқыланды. Жиынға 40-тан астам елден 500-ден аса инвестор мен бизнес өкілі қатысты. Премьер-министр Олжас Бектенов халықаралық серіктестермен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты. Олардың қатарында жаңартылатын энергия көздері, сусын өндірісі мен жылыжай шаруашылығына қатысты бастамалар бар.

Үкімет шикізат экспорттаумен шектелмей, ел ішінде дайын өнім өндіретін кәсіпорындарды көбейтуді көздейді. Бұл бағыт жаңа технологияларды енгізіп, өндіріс құрылымын өзгертуге мүмкіндік береді. Олжас Бектеновтың айтуынша, Қазақстан тәуелсіздік жылдарында жарты триллион долларға жуық тікелей шетелдік инвестиция тартқан. Соңғы бес жылда оның көлемі 100 млрд доллардан асқан.

Сондай-ақ оқыңыз: