Қ. Тоқаев: 5 жылда өңдеу өнеркәсібіндегі экспорт 45%-дан асты
Қазақстан индустриясы дамудың жаңа сапалық деңгейіне көтеріліп жатыр. Мемлекет басшысы соңғы бес жылдың ішінде өңдеу өнеркәсібіндегі экспорт көлемі 45 пайыздан асқанын мәлімдеді, деп хабарлайды 24KZ.
Теміржол саласындағы рельс, шпал, вагондар мен электровоздардан бастап автокөлік шығару ісі де қарқын алған. Сондай-ақ соңғы жеті жылдың ішінде тартылған қаражат көлемі 155 млрд долларға жетті. Ал жыл басынан бері жалпы сомасы 60 млрд доллар болатын 355 коммерциялық келісімге қол қойылған.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Еліміз Еуразияның жетекші көлік-логистика хабы ретінде позициясын нығайта түсті. Әуежайлар, вокзалдар, көпірлер, теңіз айлақтары салынып, жөндеуден өтті. Шекара маңындағы инфрақұрылым жаңғыртылуда. Бұл маңызды жұмыс ары қарай жалғасады.