Мұнай бағасы 3 аптадан бері өсіп келеді

Мұнай бағасы 3 аптадан бері  тоқтаусыз өсіп келеді. Бүгін Brent маркалы қара алтын 1 доллар 14 центке қымбаттап, әр баррелі 114 долларға сатылды.

Америкалық WTI фючерсінің бағасы 1 доллар 65 центке көтеріліп, бір баррелі шамамен 101 долларға саудаланды. Сөйтіп, қара алтын құны кейінгі 5 айда рекордтық деңгейге жетті. Бұған йемендік хуситтер мен Сауд Арабиясы арасындағы шиеленіс себеп. Рияд билігі Арамко компаниясының Дахрандағы штаб-пәтерін көшірмек. Парсы шығанағындағы қарулы қақтығыстар мұнай тасымалына кедергі. Сондықтан инвесторлар нарықтағы ұсыныс одан әрі азая ма деп алаңдап отыр.  

Сондай-ақ оқыңыз: