Қазақстан әлемдегі ең ірі 50 экономиканың қатарына енді
Биыл елдің жалпы ішкі өнімі 397 миллиард доллардан асып, халықаралық рейтингте 47-орынға жайғасқан.
Бұл - Орталық Азиядағы ең жоғары көрсеткіш. Өзбекстан 178 миллиард доллардан астам көрсеткішпен 60-орында тұр. Түрікменстан - 89, Қырғызстан - 124, Тәжікстан 134-сатыға жайғасты. Алғашқы үштікте АҚШ, Қытай және Германия тұр. Visual Capitalist порталының болжамына сәйкес жаһандық экономиканың жиынтық көлемі осы жылдың аяғына қарай 128 триллион АҚШ долларына жетеді.