Жеті микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жеті микроқаржы ұйымын лицензиясынан айырды.
Агенттік тұтынушы құқығының бұзылғанын анықтады. Азаматтардың құқығын қорғау және қаржы нарығына қатысушы ұйымдардың жауапкершілігін арттыру бағытында бақылау шаралары күшейтілді. Енді лицензиясынан айырылған ұйымдар микроқаржы қызметін тоқтатады. Сондай-ақ қолданыстағы шағын несие беру шарттарының талаптарын өзгертуге де құқықтары жоқ. Бұған қоса мұндай ұйымдар лицензиясынан айырылған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде қайта тіркеуден өтуге қатысты заң талаптарын орындауға міндетті. Ал микроқаржы ұйымдары алдында өтелмеген берешегі бар азаматтар жасалған шарт талаптарына сәйкес міндеттемелерін орындауы қажет.
ЛИЦЕНЗИЯСЫНАН АЙЫРЫЛҒАН МҚҰ:
«MaxMoney» МҚҰ» ЖШС»
«Microfinance Systems» МҚҰ» ЖШС
«SurfKaz Finance» МҚҰ» ЖШС
«MFO№1» МҚҰ» ЖШС
«Умит Финанс» МҚҰ» ЖШС
«Вивус» МҚҰ» ЖШС
«EL QAZYNA» МҚҰ» ЖШС