Абай облысында өсімдік майын өндіретін зауыт ашылды

Жобаға 8,4 млрд теңге инвестиция салынды.

Жаңа өндіріс ошағы тәулігіне 200 тоннаға дейін тазартылған өсімдік майын өндіруге қауқарлы. Өңдеу өнеркәсібін дамыту – өңір экономикасының маңызды бағыттарының бірі. Жаңа зауыт тамақ өнеркәсібінің өндірістік қуатын арттырып, қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Жоба аясында өсімдік майын тазарту, қаптау және құюға арналған өндірістік инфрақұрылым жаңартылды.

Бауыржан Ералы, ҚР Бас прокуратурасы инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы:

- Осындай киелі өлкеде жаңа кәсіпорынның іске қосылуы өңірдің экономикалық әлеуетін арттырып, дамуына тың серпін береді. Бүгінде комитет еліміздегі 3,5 мыңнан астам жобаны сүйемелдейді. Әрбір іске қосылған кәсіпорын жұмыс орындарын ашуға, өңір экономикасының дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға қосылған үлес.

Сондай-ақ оқыңыз: