Алтын бағасы өсті
Бүгін алтын бағасы қайта өсті. Осы аптада бағалы метал шамамен 4 пайыз арзандаған еді. Кейінгі саудада алтынның троя унциясы 3 903 долларға саудаланып, 0,7 пайызға көтерілді, деп хабарлайды 24KZ.
Ал күміс 0,2 пайызға өсіп, троя унциясы 50,12 долларға сатылды. Платинаның құны керісінше 0,1 пайыз төмендеп, 1 514 долларға бағаланды. Сарапшылар: «Федеральды Резерв жүйесі базалық мөлшерлемені 0,25 пайызға көтеруі мүмкін», – деп топшылайды. «Егер болжам расталса, алтынға сұраныс азайып, қайта арзандауы ықтимал», – дейді.