Мұнай бағасы төмендеді

Әлемде мұнай бағасы төмендеп жатыр. Brent маркалы қара алтын барреліне шамамен 92 доллардан, ал америкалық WTI 86 доллардан саудалануда, деп хабарлайды 24KZ.

Мұнайдың арзандауына Парсы шығанағынан мұнай жеткізілімінің біртіндеп қалпына келуі себеп. Оның үстіне сарапшылардың арасында Иран төңірегіндегі шиеленістің бір шешімі табылады деген болжам бар. Бүгін Маскатта Иран және Оманның Сыртқы істер министрлері Аббас Аракчи мен Бадр әл-Бусаиди кездесті. Олар Ормуз бұғазындағы қауіпсіз кеме қатынасы мәселелері мен дипломатиялық диалогты қайта жандандыру мүмкіндігін талқылады.

Сондай-ақ оқыңыз: