Энергия үнемдеу туралы заң жобалары бірінші оқылымда мақұлданды: не өзгереді

Фото: depositphotos.com

Құрылтай бірінші оқылымда энергия үнемдеу мәселелері жөніндегі екі заң жобасын мақұлдады. Құжаттар Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін әзірленді. деп хабарлайды «24KZ».

Түзетулер бірнеше маңызды өзгерісті көздейді. Біріншіден, энергия тиімді көппәтерлі тұрғын үй ұғымы нақтыланады. Екіншіден, Мемлекеттік энергетикалық тізілімге ақпараттың дұрыс, толық әрі уақтылы берілуіне мемлекеттік бақылау енгізіледі.Үшіншіден, жергілікті әкімдердің – аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округ әкімдерінің – энергия үнемдеу саласындағы құзыреті кеңейтіледі.

Сонымен қатар, ірі тұтынушылар үшін шекті меже төмендетіледі. Бұрын энергия тұтыну көлемі жылына 100 мың тоннадан асатын субъектілермен келісім жасалса, енді бұл шек 50 мың тоннаға дейін түсіріледі. 

Бұл – бақылауға алынатын кәсіпорындар санының артуы деген сөз.Бұдан бөлек, бюджеттік ұйымдарда энергия тұтыну мониторингінің қағидалары енгізіліп, нормативті сақтамаған мекемелер тиісті тізбеге енгізіледі. Ал энергия аудиті ұйымдарына қажетті жабдықтарды тек меншік құқығында иелену талабы күшейтіледі.

Сондай-ақ оқыңыз: