Биыл 573 шақырым темір жол жөнделді

Дарбаза-Мақтаарал, Мойынты-Қызылжар, Аягөз-Бақты бағытындағы теміржол желісін салу жобалары биыл да жалғасын тапты.

Сондай-ақ "Алтынкөл-Жетіген" мен "Бейнеу-Маңғыстау" желісінің инфрақұрылымы түбегейлі жаңғыртылып жатыр. Саладағы ауқымды құрылыс жобаларын тілге тиек еткенім бекер емес. Өйткені энергияны қолданудағы ең тиімді көлік түрі – дәл осы темір жол. Көліктен гөрі жүкті алыс жерге тез таситын, транзиттік табысты арттырып, тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтитын әлеуеті зор. Тек былтырғы мен биылғы көрсеткішке үңілсек – салаға қаншалықты серпін берілгенін аңғару қиын емес. Осы жерде сандарды сөйлетсек. Биылға жоспарланған темір жолды жөндеу жұмысы толық аяқталды. Нәтижесінде 573 шақырымға жуық жол жөнделіпті. Солтүстік аймақта - 286, күнгейде -167,5  ал еліміздің батысында - 119 шақырымы жөндеуден өткен. Бұның экономикалық әсері сол - инфрақұрылым қауіпсіздігі артып, теміржол ұзақ мерзім бойы тоқтаусыз қызмет етеді.

Жалпы соңғы бес жылда елдегі теміржол желісінің 5 мың шақырымы жаңартылған. Былтырдың өзінде теміржол транзитінің көлемі 5,5 млн тоннаға артып, 33 млн-ға жетті. Бір жарым жылда түскен табыс 4 трлн теңгеден асып жығылады. Өңірлердегі 100-ге жуық теміржол вокзалы жаңғыртылды. Қарқынды құрылыс пен ауқымды модернизация сөзсіз оң нәтиже берген. Былтырдың өзінде ғана жүк тасымалы 467 млн тоннаға жуықтады. Тасымал айналымы шақырымына 361 млрд тоннаны құрады. Қазақстан темір жолының табысы 2,7 трлн теңге болды. Ал ұлттық компанияның несие, салық және стратегиялық шығындарды есепке алмағандағы ((EBITDA)) Ибитда табысы 872 млрд теңгеден асты.

Электромобиль мен гибрид көлік саудасы 2,6 есе өсті 

Темір жол саласында ауыз толтырып айтарлық жетістік көп. Ауаның ластануына ең көп үлес қосатын автокөлік саласы ше? Бүгінде тоқпен жүретін және гибрид көліктерге жаһандағы сұраныс артқан. ((ВИДЕО)) Қазақстан автомобиль одағының мәліметі бойынша, жалпы автонарықтағы сауда 3 пайызға өсті. Нақтырақ айтқанда, 10 айда қазақстандықтар 188 мың жаңа көлік сатып алыпты. Демек, ай сайын 21 мыңнан астамы автокөлік тікелей салоннан ел ішіне жол тартады. Ал темір тұлпардың су жаңасын қарастырған кезде тұрғындардың таңдауы көбіне электромобиль мен гибридтерге түседі екен. Жұртқа жаңа технология таңсық болса керек: бұл сегменттегі сауда 2,6 есеге ұлғайған.

Анар Мақашева, Қазақстан автомобиль одағының президенті:

- Электромобильдер әлбетте, сұранысқа ие. Алайда энергияның жаңа көздерін қолданатын көліктер арасында электрокарларға қарағанда гибридтерге сұраныс көбірек. Өйткені гибридтің өзі үш түрге бөлінеді. Тоқты да, бензинді де біруақытта қолданатыны, қозғалтқыштан қуаттанып, электртоғымен жүретіндері және екі түрлі қозғалтқышпен жабдықталған гибридтер бар. Тұрғындар үшін осынысы ыңғайлы. Қайсысын таңдаса да, инфрақұрылымға тәуелді болмай-ақ, жүргізе береді.  

Елде 40000 электромобиль тіркелген

Бүгінде елімізде 40 мың элеткромобиль тіркелген. Қазақстанның автомобиль одағы президенті электромобиль инфрақұрылымы біртіндеп дамитынына сенімді. Әсіресе, отандық көлік өндірушілері жаңа технологияны игеріп, көліктердің жүріс уақытын сараптағаны абзал болар еді. Көліктерді қуаттауға азырақ уақыт бөлу үшін бұл өте маңызды. Қазір 30 градус аязда көлікті тоғыз минутта қуаттайтын электромобильдің үлгісі шыққан. Бастысы, темір тұлпардың осы түріне арналған инфрақұрылым жақсарса – халық заманауи көлік мінуге асық болар еді, дейді Анар Мақашева.    

Анар Мақашева, Қазақстан автомобиль одағының президенті:

- Если взять в целом/ Қуаттағыш стансаларға тоқталсақ, Қазақтанда тиісті инфрақұрылым тез дамып келе жатқанын байқауға болады. Елдегі жанар-жағармай стансалары, дүкендер, жол бойындағы сервистердің біразына электрқуаттағыштар орнатылған.  Инфрақұрылым осы қарқынмен әрі қарай жетіле берсе, әрине, халық тарапынан электр көліктеріне деген сұраныс арта түспек.

48 000 шақырым жолдың цифрлық паспорты дайын 

Зиянды қалдықты аз бөлетін көлікті көбейтуден бөлек автожол саласын тиімді басқару заманның басты талабына айналды. Бұл ретте, цифрландыру мен жасанды интеллектіні игілікке жарату қажет-ақ. Көлік министрлігі бүгінде "Е-JOLDAR" цифрлық сервисін әзірлеп жатыр. Мақсат – қолда бар 12 платформаны біріктіре отырып, жол саласын тиімді басқарудың тетігін іске қосу. Атап айтқанда, елдегі жолдар түгел цифрлық картаға түсіріліп, паспорты жасақталады. Яғни алдағы уақытта әр учаскенің жай-күйін онлайн бақылау мүмкін болмақ. Қазір 90 мың шақырым жолдың 48 мыңына цифрлық паспорт әзірленген.

Мейірхан Бекесов, ҚР Көлік министрлігі басқармасының басшысы:

- Одан бөлек жол бойында қазір камералар орнатып жатырмыз. Онлайн режимде, ауа райын қарауға, жол жабық па, ашық па сияқты ақпараттарды онлайн түрде камерадан қарай алады. Одан кейінгісі халықтың қоғамдық тексеру модулі. Бұл жерде халық өзінің жол мәселесі бойынша ұсыныстарын немесе уәждерін сол халықтық тексеру бөлімінде, модулінде бізге тікелей ұсына алады. 

Көлік министрлігінен хабарлағандай, платформа 100 пайыз дайын, қажет ақпаратпен толығып жатыр. Бүгінде оның сайттағы нұсқасы қолжетімді. Қазір iOS пен Android ұялы телефондарына арналған мобильді қосымшалары әзірленіп жатыр. Тұрақты көлік саласын дамытуда елде біршама шаруа қолға алынғанын байқау қиын емес.

Сондай-ақ оқыңыз: