Зейнетақы жинағы ₸3 трлн-ға өсті

Қазақстандықтардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинағы бір жылда 3 триллион теңгеге өсіп, 29 триллион теңгеге жетті.

Жинақтың басым бөлігі міндетті зейнетақы жарналарынан құралған. Оның көлемі бір жылда 8,7%-ға өсіп, 26,59 трлн теңгеге жетті. Ал жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары есебінен жиналған қаражат 2,36 есе өсіп, 1,5 трлн теңгеден асты. Бұдан бөлек салымшылардың шоттарына инвестициялық табыс есебінен 1,28 триллион теңге түскен. Айта кетейік, бұған дейін елде зейнетақы жинағын басқарудың жаңа мүмкіндіктері берілді. Енді салымшылар ақшасын бір ғана компанияға емес, бірнеше жеке басқарушыға бөліп бере алады. Сонымен қатар әр компания үш түрлі инвестициялық стратегия ұсынады. 

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖАРНАСЫ - ₸26,59 ТРЛН

ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ ЖАРНАСЫ - ₸1,5 ТРЛН

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАБЫС - ₸1,28 ТРЛН

Сондай-ақ оқыңыз: