Абайлаңыз, импорт! Спорттық киімді бірге таңдайық

Белсенді өмір салты қиыл-қозғалысты шектемейтін киімді талап етеді. Көпшіліктің таңдауы ондайда спорттық костюмдерге түседі. Олар күнделікті кигенге ыңғайлы, жеңіл әрі ауа өткізетін матадан тігілуі тиіс. Ал спортпен кәсіби түрде айланысатындар үшін ол ыңғайлылығымен қатар, ұзақ мерзімге жарамды болуы да шарт. Бүгінгі нарық спорттық киімдердің түр-түрін ұсынады. Осы орайда шетелдік және отандық спорт киімдерінің сапасы қандай? Тауарды дүкенде таңдағанда неге басты назар аударған жөн?