383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


KOTRA ұйымында Астана мен Сеулдің экономикалық ынтымақтастығы талқыланды

  • 374
  • UPD: 22:26, 02.01.2017

KOTRA ұйымында ресми Астана мен Сеулдің экономикалық ынтымақтастығы талқыланды.

KOTRA оңтүстіккореялық саудаға ықпал ететін агенттік. Ұйымның мәліметі бойынша 2016 жылы екі елдің шикізат айналымы көбінесе құрылыс саласында өрбіген. Қаржыгерлер әлемдік экономикаға жағымсыз тенденциялар енді деп есептейді. Алайда 2017 жылға жағымды болжам жасап отыр. Оның басты себебі 2016 жылдың қарашасында Сеулге Нұрсұлтан Назарбаевтың жасаған ресми іссапары болды.

Пак Джи Вон, KOTRA-ның Еуразия экономикасын зерттеушісі:

- Нұрсұлтан Назарбаев Сеулге келген кезде меморандумға қол қойды. Соның арқасында біз сауда-саттық көлемін инвестициялар арқылы ұлғайта аламыз. Қазақстан Үкіметі өндірісті дамытуды қолға алды. Сондықтан да кореялық компаниялар Қазақстанның өндіріс саласына қаржы құюға дайын. Оның үстіне Қазақстан 2017 жылы шикізат өндірісін күшейтпек. Бұл екі елдің сауда-саттығын одан әрі нығайта түседі. 

Хабар 24 телеарнасы