383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Б.Сағынтаев бағаның негізсіз өсуін болдырмау үшін қажетті шараларды қабылдауды тапсырды

  • 485
  • UPD: 12:35, 09.01.2017
Б.Сағынтаев бағаның негізсіз өсуін болдырмау үшін қажетті шараларды қабылдауды тапсырды Хабар

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуіне жол бермеу мәселелері бойынша ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің есебін тыңдады.

Онда ведомствоаралық жұмыс тобының күнделікті тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуіне жол бермеуге қатысты іс-шаралары, сондай-ақ өңірлік тұрақтандыру қорларының жұмысы және сауда орындарын отандық азық-түлікпен жеткілікті түрде қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Премьер-Министр Б.Сағынтаев уәкілетті мемлекеттік органдарға бағаның негізсіз өсуін болдырмау үшін қажетті шараларды қабылдауды және монополияға қарсы заңдылықтың орындалуына бақылауды күшейтуді тапсырды.

Ақпарат көзі: primeminister.kz

Хабар 24 телеарнасы