384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық банк пайыздық мөлшерлемені азайтты

  • 593
  • UPD: 08:01, 10.01.2017

«Ішкі валюта нарығындағы төл теңгенің тұрақтылығы сақталады. Дегенмен қаржыны еуроға инвестициялап сақтау стратегиясы әзірге тиімсіз».

Бұл жөнінде Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Жыл басында теңгенің долларға деген тұрақтылығы 2%-ға бекіді. Бұл ең алдымен әлемдегі мұнай барреліне деген сұраныстың 13%-ға артуына байланысты. Сонымен бірге Ақышев банктің пайыздық мөлшерлемесі 12%-ға төмендетілгенін айтты. Бұл жақсы көрсеткіш. «Егер ел экономикасына әсер етуші сыртқы және ішкі факторлар қалыпты болса, онда банктің пайыздық мөлшерлемесін әлі де төмендетуге болады», - деді Ұлттық банк төрағасы.

Данияр Ақышев, Қазақстан Республикасы Ұлттық банк төрағасы:

- Базалық мөлшерлемелердің төмендеуі сыртқы жағымсыз әсерлер болмаса, келесі айларда да жалғаспақ. Сондықтан да базалық мөлшерлемелер туралы біздің ақпан айына жасаған шешіміз бойынша пайыздық мөлшерлемелер төмендейді.

Хабар 24 телеарнасы