387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қашаған мұнайының алғашқы 1 млн тоннасы экспортқа шығарылды

  • 513
  • UPD: 19:26, 13.01.2017

Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы Қашаған кенішінде алғашқы 1 млн тонна мұнай өндіріліп, экспортқа жөнелтілді.

Кеніште тұңғыш рет өндірістік мақсаттағы жұмыстар өткен жылдың қыркүйек айында басталған болатын. Қазіргі уақытта өнім өндіру қарқындылығы тәулігіне 180 мың баррельге жеткізілді. Ілеспе газды жер қойнауына кері айдау және өзге де оңтайландыру жұмыстары аяқталған соң, Қашаған кенішіндегі өндірісті тәулігіне 370 мың баррельге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Әлемде теңдесі жоқ бұл кеніштегі өндіріс толық қуатына көшкен кезеңде тәулігіне 1,5 млн баррель мұнай өндірілетін болады.

Хабар 24 телеарнасы