387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2017-2019 жылдарға арналған бюджет жобасына өзгерістер енгізілді

  • 499
  • UPD: 15:11, 15.02.2017

Биыл республикалық бюджеттің шығыс көлемі бекітілген жоспардан 2,6 трлн теңгеге ұлғайтылады.

Яғни 11 трлн 176 млрд теңгені құрайды. 2017-2019 жылдарға арналған бюджетке осындай өзгерістер енгізілді. Құжатты бүгін Мәжіліс депутаттары мақұлдап, Сенаттың қарауына жіберді. Шығыс көлемін көбейту арқылы Жолдаудағы басым бағыттарды іске асыру көзделіп отыр. Атап айтқанда, 2 трлн теңгеден астам қаражат қаржы секторын сауықтыру үшін бөлінеді. Мемлекеттік органдарды технологиялық жаңғыртуға және бизнес ортаны жақсартуға 231 млрд теңге, сондай-ақ аграрлық секторды дамытуға қосымша 60 млрд теңге жұмсау көзделіп отыр. Ал түсім көлемі биыл 9,6 трлн теңгеден асады деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ былтыр жалпы ішкі өнім көлемі 1 пайыз болса, биыл 2,5 пайызды құрайды деген болжам бар.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

- Қаражат көздері, біріншіден, былтырғы жылы біз бекіткен болжамнан біраз жақсы өзгерістерге қол жеткіздік. Бұл – экономикалық секторлардағы оң өзгерістердің әсері. Мұнайдың 1 баррель бағасын 35 доллар деп және 1 доллар бағамын 360 деп есептеген едік. Соның бәрін қайта қараған кезде бұлар бюджет кірістеріне оң әсерін беріп отыр.

 

 

Хабар 24 телеарнасы