389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Корея Қазақстан арқылы Еуропаға өз тауарын экспорттамақ

  • 684
  • UPD: 23:25, 20.02.2017

Оңтүстік Корея Қазақстан арқылы Еуропаға өз тауарын экспорттауды жоспарлап отыр.

Өйткені біздің еліміз арқылы ескі құрлыққа ең қысқа бағытпен баруға болады. Алайда, күні бүгінге дейін Оңтүстік Кореяның барлық жүктері теңіз арқылы тасымалданып жатыр.

Сары теңіздегі Инчхон Оңтүстік Кореяда Пусаннан кейінгі екінші ірі порт саналады. Бүгін осы жерден Қазақстанға тағы да тауар жөнелтіледі. Инчхоннан бұл кеме Қытайдың Ляньюньган портына дейін жүзіп барады. Сол жерден жүк теміржол арқылы Қазақстан шекарасына жеткізіледі. Тауар Оңтүстік Кореядан Қазақстанға негізінде екі теңіз портынан Пусан мен Инчхоннан жіберіледі. Тасымал көлемі тәулігіне шамамен 50 контейнер. Жалпы алғанда бұл автокөлік бөлшектері, электроника және бөтелкелер өндіру үшін қолданатын пластмассалар.

Тағы бір бағыт бар. Жүк Пусаннан теңізбен ресейлік Восточный портына, содан кейін теміржолмен Новосібірге, ол жақтан Қазақстанға келеді. Қазір біздің ел тауарды Қытай арқылы тасымалдауға қызығушылық танытып отыр. Сол себепті Ляньюньган Қытай портына қазақстандық терминал құрылды. Бұл бағытпен Еуропаға өз тауарларын Оңтүстік Кореяның компаниялары да жіберуді жоспарлап отыр.

Ким Кван Хи, логистикалық компанияның бас менеджері:

- Тасымалдаудың көлемін арттыру үшін Қазақстан мен Қытай теміржол тарифтерін төмендету қажет. Осыған орай, Ляньюнган мен Қазақстан теміржолдары арасында келіссөздер жүріп жатыр.

Кореядан Еуропаға теңізбен тасымалданатын бір жүктің құны шамамен 3000 доллар, ал Қытай мен Қазақстан теміржолы арқылы 7000 долларға жетеді.

Қазір Қазақстан, Қытай және Оңтүстік Корея өкілдері теміржол тарифтерін төмендету жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр.

Рю Дже Еп, логистикалық компания президенті:

- Корея мен Жапониядан Еуропаға теңіз арқылы жіберген тауарлар шамамен 45 күнде жетеді, ал Қытай мен Қазақстан арқылы темір жолмен 21 күнде. Осы елдердің өкілдерімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Біз жалпы 4000 доллар шығынды 2000 долларға дейін азайта алсақ, онда бір аптада екі блок тауар тасымалдауға арналған жоспарды іске асыруға болады. Шамамен 82 контейнер. Бұл жобаға қатысатын барлық елдерге тиімді.

Осы жылдың бірінші сәуірінде Оңтүстік Корея мен Жапония мемлекеттері 41 контейнерден тұратын бірінші блокты Қытайдың Ляньюньган портынан Қазақстан арқылы Еуропаға жіберуді жоспарлап отыр.

Авторлары: Владислав Цой, Ли Сан Хен

Хабар 24 телеарнасы