388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көктемгі егіс жұмыстарына 60 млрд теңге бөлінді

  • 1033
  • UPD: 07:26, 21.02.2017

Көктемгі егіс және жиын-терім жұмыстары үшін қазынадан 60 млрд теңге бөлініп отыр.

Енді «Кең дала» бағдарламасы негізінде қаржы тікелей аграрлық несие корпорациясына беріледі. Жобаның тиімділігі туралы өңір шаруаларымен кездескен аграрлық несие корпорациясының өкілдері мәлімдеді. Бұл мақсатқа еліміздегі 13 мың мүшесі бар 186 серіктестік тартылған. Корпорация өтініштерді қабылдап, алғашқы несиелерді беруге дайын.

Гүлназ Атамқұлова, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрайымы:

- Ауыл шаруашылығы министрлігі приоритет ретінде 3 мәселені белгіледі. Май дақылдары өндіру және оны қайта өңдеуге тапсыру, мал азығы зауыттарын ынталандыру сияқты негізгі мәселелер биылға бәрімізге мақсат болып тұр.

Хабар 24 телеарнасы