389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Барлық несиенің әрбір төртінші теңгесі шағын бизнеске берілген

  • 674
  • UPD: 12:45, 21.02.2017

Былтыр Қазақстандағы барлық несиелердің әрбір төртінші теңгесі шағын және орта бизнес субъектілеріне қарызға берілді.

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев хабарлады. Ақышев шағын бизнесті несиелендіру көлемі 1 триллионнан астам теңгеге ұлғайғанын және банктердің жалпы несие қоржынындағы кішігірім кәсіпкерлердің үлесі 24 пайызға жеткенін айтты. Бас банкир бұл соңғы жылдардағы ең жоғарғы көрсеткіш екенін атап өтті.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

- Мемлекеттік бағдарламалар арқылы несиеге беріліп жатқан қаражаттан тыс екінші деңгейлі банктер өздерінің ақшаларын да шағын бизнеске белсенді түрде несиеге бере бастады. 2017 жылы да шағын және орта бизнесті несиелендіру көлемі арта түседі деген үміттеміз.

Хабар 24 телеарнасы