389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Банк ВТБ Қазақстан» негізгі көрсеткіштерін екі есеге арттырмақ

  • 868
  • UPD: 21:11, 15.03.2017

«Банк ВТБ Қазақстан» алдағы үш жылға арналған дамудың жаңа стратегиясын қабылдады.

Аталған құжатта әлемдік және ішкі нарықтағы соңғы талаптардың барлығы ескерілген. Стратегияның мақсаты – негізгі көрсеткіштерді екі есеге арттыру.

Қазақстан банктері арасында «Банк ВТБ-ға» ең жоғары кредиттік рейтинг берілген. Банктің жаңа бағдарламасының мақсаты – қол жеткен табысты еселеп қана қоймай, ел экономикасының дамуына да әсер ету.

Дмитрий Забелло, «Банк ВТБ» басқарма төрағасы:

- Осы үш жылда Қазақстан Республикасында өсімді екі есеге арттыруға мүмкіндігіміз бар. Ол бізден банктік өнімдеріміздің барлығын дерлік қайта қарастыруды талап етеді. Біз өзіміздің стратегиямызды жан-жақты жасадық. Яғни, біз ірі, орта және шағын бизнесті несиелендіруді жалғастыра бермекпіз. Жеке тұлғалармен де жұмыс жасай береміз. 

Жаңа бағдарлама сұраныс пен қазіргі жағдайды сараптап барып жасалған. Өткен жылдың соңында банк проблемалық активтерді тазартып, несие қоржынын сауықтырды. Бүгінде банктің жаңарған басқарушылар тобы клиенттер үшін тартымды өнім мен қызмет түрлерін жасап, енгізуге ден қойып отыр. 

Дмитрий Забелло, «Банк ВТБ» басқарма төрағасы:

- Ипотекалық несиені қайта қарастырып жатырмыз. Жақында жаңа ипотекалық несиені нарыққа шығарамыз. Автонесиелендіруді жаңарттық. Шағын бизнеске тиімді бағдарламалар әзірленді. Яғни, ВТБ жобалары жаңғыруда. 

Қазіргі кезде банк Қазақстанның реттеуші капиталы Ұлттық банктің талабынан 4 есеге артық, бұл бизнес көлемін екі есе ұлғайтуға мүмкіндік береді. Ал, банктің «өтімділік қоры» талап етілген мөлшерден 10 есе артық. Бұл ВТБ банкке өз клиенттеріне ұзақ мерзімге теңгемен несие беруге жол ашады. Қаржы ұйымының өкілдері ірі инвестициялық бизнеспен қарым-қатынастың артатынына да сенімді.

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Нұрдәулет Жақсыбаев

Хабар 24 телеарнасы