388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде Қазақстан-Израиль ынтымақтастық форумы өтті

  • 436
  • UPD: 11:09, 16.03.2017

Ақтөбе облысы Израильмен ынтымақтастықты одан ары нығайтпақ.

Өңірде Қазақстан-Израиль ынтымақтастық форумы өтті. 2012 жылдан бастап ақтөбелік кәсіпкерлер мен дәрігерлер Израильде семинарларға қатысып, тәжірибе алмасып жүр. Арнайы курс оқып келген 12 адам аталған елдің бизнес саласындағы жаңашылдығын тәжірибеге енгізген. Өткен жылы Ақтөбе облысы мен Израиль арасындағы тауар айналымы 20 млн теңгеден асқан. Облысқа көкөніс, кептірілген жеміс түрлері мен шаруашылық заттары импортталады. Израильде орта бизнестің үлесі 98 пайызды құрайды. «Кәсіпкерлік жақсы дамыған елмен тәжірибе алмасу тиімді», - дейді ақтөбелік кәсіпкерлер. Одан бөлек денсаулық сақтау саласында да әріптестік орнаған. Израильдік мамандар аутизм дертіне шалдыққан балаларды емдеу тәсілдерін үйретуде. Форум кезінде израильдік инвесторларға өңірдің экономикалық әлеуеті таныстырылды. Жалпы елімізде израильдік капиталдың қатысуымен 270 кәсіпорын ашылған.

Михаэль Бродский, Израиль мемлекетінің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:

- Егер ауыл шаруашылығы саласын айтатын болсақ, Ақтөбе облысына қажетті заманауи жылыжай құрылысы, құс фабрикасы мен сүт зауыты сияқты жобаларды айтуға болады. Екінші бағытымыз – медицина саласындағы әріптестікті дамыту. Жаңа ауруханалар салу және осы салаға қажетті жаңа технологиялар енгізу жоспары бар.

Хабар 24 телеарнасы