386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Отандық өнім инновациялық әдіспен тасымалданады

  • 485
  • UPD: 17:50, 18.04.2017

«Ақтау битум» зауыты өзі шығаратын өнімін инновациялық тәсілмен тасымалдауға көшті.

Ендігі жерде отандық тауар тапсырыс берушіге Қазақстанда жасалған полиэтилен қапшықтармен жеткізіледі. Оларға құйылған жол битумы ұзақ мерзімге жылуы мен сапасын жоймайды. Сәйкесінше, жол салушы компаниялардың зауытта дайын битумды сақтауға төлейтін шығынын азайтады. Жеткізілген бойда төсеуге жарамды битумға сұраныс та жоғары. Жаңа өнім Маңғыстау өңірін кесіп өтетін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жаһандық көлік дәлізі мен республикалық маңыздағы жолдар құрылысында қолданылып жатыр.

Константин Дробышев, зауыт басшысының орынбасары:

- «Биг-бэк» қапшықтарына құйылатын битумның қызуы  140 градус. Мұндай температураға шыдас беретін полиэтилен қапшық жол құрылыс материалының химиялық құрамын сақтайды. Кәсіпкерлер үшін басты тиімділігі - сұйық битумды сақтау және жеткізуге кететін шығынды үнемдеуінде.

Хабар 24 телеарнасы