384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


М.Әблязов ісіне байланысты сот отырысы жалғасып жатыр

  • 584
  • UPD: 21:06, 20.04.2017

Алматыдағы ауданаралық мамандандырылған сотында БТА банкінен миллиардттаған қаржыны жымқырды деп айып тағылған Мұхтар Әблязовқа қатысты сот ісі жалғасып жатыр.

Бүгінгі сот отырысында экс банкир Мұхтар Аблязовтың бақылауында болған компаниялардың басшылары тыңдалды. «Ержан Тәтішев БТА банк басқарма төрағасы болған кезінде мені 2 компанияның директоры қызметіне алды. Компания ешқандай жұмыспен айналысқан жоқ, тек қана БТА банктің құнды қағаздарына иелік етті. Бұл компаниялардан мен жалақы алған жоқпын. Құжаттар мен мөрлер Алматыда сақталды. Тәтішев қайғылы қазаға ұшыраған соң оның орнына Мұхтар Әблязов келді. Маған бұрынғыдай құжаттарға қол қойып, «Мақтаарал» компаниясы арқылы құнды қағаздарды сатып алу мен сатуды жүргізуді бұйырды. Компанияның өз кеңсесі болған жоқ» - деді сот отырысында Нұрғали Беркінбаев. Бұдан бөлек, Әблязов бақылауындағы тағы бір «Fedelm corp» компаниясы Британияның Вергиния аралдарындағы офшорлық аймақта тіркеліп, кепілсіз несие ретінде БТА банкінен 135 млн доллар ақша алғаны анықталып отыр.

Хабар 24 телеарнасы