386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Самұрық-Қазына» қоры 215 компанияны жекешелендіруге дайын

  • 445
  • UPD: 20:49, 28.04.2017

«Самұрық-Қазына» қоры Алматыда инвестор күнін өткізді.

Отандық және шетелдік инвесторлармен кездескен холдинг басшылары жекешелендіру бағдарламасын таныстырды. Сонымен қатар, қор иелігіндегі ірі компаниялардың жобалары инвесторлар назарына ұсынылды.

«Самұрық-Қазына» қоры 215 компанияны жекешелендіруге дайын. Тізімде транс ұлттық компаниялардан бастап орта және шағын кәсіпке арналған жобалар да бар. Қор басшылығы жекешелендіру бағдарламасына кәсіпкерлердің қатысуына жол ашық екенін мәлімдеді.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

- Үкімет жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыруды алдағы 2-3 жылға жоспарлап отыр. Оған отандық және шетелдік инвесторларды тарту көзделген. Біз олардың кез келген сұрағы мен өтініш-тілегіне жауап беріп, көмек көрсетуге әзірміз.

Инвесторлар бірнеше тәсілмен жекешелендіру бағдарламасына қатыса алады – шағын кәсіпорындар электронды аукцион арқылы сатылса, ірі бизнес тікелей сатылым немесе екі кезеңдік байқау арқылы, «Эйр Астана», «ҚазАтомПром» сияқты ірі компаниялар биржада сатылады. Үш тәсіл де әділ баға мен ашықтықты қамтамасыз етеді.

Берік Бейсенғалиев, активтерді оңтайландыру бойынша басқарушы директор:

- Компаниялардың бәрі мемлекет бақылауында қалады. Ол компаниялар бойынша шағын, миноритарный үлес қана нарыққа шығарылады. Сондықтан мұндай үлкен компаниялар мемлекет бақылауында болады.

Инвестор күніне орай өткен жиында «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақ Инвест» Ұлттық компаниясы іскерлік келісімге қол қойды.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Мұхит Құдықбаев

Хабар 24 телеарнасы